
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі


«Менің құқығым және міндетім»
1–4 сыныптарға арналған суреттер көрмесі өтті.
Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті.

28 қаңтарда мектебімізде мектеп парламентінің құқықтық клубтарының ұйымдастыруымен «Құқық пен жауапкершілік» тақырыбында талқылау өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін арттыру.
Акция барысында 5–11 сынып оқушылары балалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде пікір алмасып, өмірлік жағдаяттар арқылы заң мен тәртіптің маңыздылығын талқылады. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, қоғамда заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін түсінді.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.


мектеп асханасын жоспарға сәйкес ата-аналар комитеті, медбике және ДТІЖО-дан құрылған бракераждық комиссия оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында ыстық тамақтың бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалғаны, оқушылардың белгіленген уақытта тамақтанатыны анықталды. Ас мәзірі, тағам сапасы, ас қоймасының және асхананың санитарлық тазалығы жан-жақты тексерілді.
Тексеру нәтижесінде ешқандай шағым тіркелген жоқ, асхана мен ас үйдің санитарлық жағдайы белгіленген стандарттарға толық сәйкес келді. Жүргізілген жұмыс бойынша бракераж журналы тиісті түрде толтырылды.


Медиация жоспарына сәйкес мектебімізде 5–7 сыныптарда «Қақтығыстар және оларды шешу жолдары»
сынып сағаты өткізілді.

Мектеп медбикесі Масимова Б.С. 5–7 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізетін пайдасы, күнделікті ас мәзірін тиімді құрастыру, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың маңызы мен салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер айтылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Мұндай танымдық әңгімелер оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

1-4 сынып, 5-11 сынып оқушыларына арналған
«Күзгі бал» өткізілді. Оқушылар наминация бойынша марапатталды.



