мектеп асханасын жоспарға сәйкес ата-аналар комитеті, медбике және ДТІЖО-дан құрылған бракераждық комиссия оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында ыстық тамақтың бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалғаны, оқушылардың белгіленген уақытта тамақтанатыны анықталды. Ас мәзірі, тағам сапасы, ас қоймасының және асхананың санитарлық тазалығы жан-жақты тексерілді.
Тексеру нәтижесінде ешқандай шағым тіркелген жоқ, асхана мен ас үйдің санитарлық жағдайы белгіленген стандарттарға толық сәйкес келді. Жүргізілген жұмыс бойынша бракераж журналы тиісті түрде толтырылды.
