«Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбындағы сынып сағаттары
5–11 сыныптарда «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін ұғындыру, педагог еңбегінің қоғамдағы ерекше орнын көрсету және ұстаздарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар:
- ұстаздық жолдың жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы пікір алмасты;
- әдеби шығармалардан, тарихи деректерден ұстаздың рөлін айқындайтын мысалдар келтірді;
- ұлы тұлғалардың өмір жолындағы ұстаздардың әсері туралы бейнематериалдар көрді;
- «Менің жүрегімдегі ұстаз» атты тақырыптық талқылауға қатысып, өз ұстаздары туралы жылы лебіздерін айтты;
- мұғалімдерге арналған алғыс хаттар мен шығармашылық жұмыстар әзірледі.
