Search
Close this search box.

1 қыркүйек-Білім күні

Жаңа оқу жылының алғашқы күні – Білім күніне орай біздің мектепте дәстүрлі түрде бірыңғай сынып сағаттары өтті. Тақырып – «Менің Отаным – Қазақстан».Мақсаты – оқушылардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру және еліміздің тарихы мен жетістіктері туралы түсініктерін кеңейту.Сынып сағаттары барысында ұстаздар мен оқушылар Отан, тәуелсіздік, ел бірлігі туралы әсерлі әңгімелермен, өлең-жырлармен бөлісті. Балалар өз елін мақтан тұтып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға ұмтылатынын айтты.