28 қаңтарда мектебімізде мектеп парламентінің құқықтық клубтарының ұйымдастыруымен «Құқық пен жауапкершілік» тақырыбында талқылау өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін арттыру.
Акция барысында 5–11 сынып оқушылары балалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде пікір алмасып, өмірлік жағдаяттар арқылы заң мен тәртіптің маңыздылығын талқылады. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, қоғамда заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін түсінді.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.

