Мектеп медбикесі Масимова Б.С. 5–7 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізетін пайдасы, күнделікті ас мәзірін тиімді құрастыру, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың маңызы мен салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер айтылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Мұндай танымдық әңгімелер оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
