Search
Close this search box.

«Ұстаз-ұлы тұлға» сынып сағаты

«Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбындағы сынып сағаттары

5–11 сыныптарда «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін ұғындыру, педагог еңбегінің қоғамдағы ерекше орнын көрсету және ұстаздарға құрмет сезімін қалыптастыру.

Сынып сағаттары барысында оқушылар:

  • ұстаздық жолдың жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы пікір алмасты;
  • әдеби шығармалардан, тарихи деректерден ұстаздың рөлін айқындайтын мысалдар келтірді;
  • ұлы тұлғалардың өмір жолындағы ұстаздардың әсері туралы бейнематериалдар көрді;
  • «Менің жүрегімдегі ұстаз» атты тақырыптық талқылауға қатысып, өз ұстаздары туралы жылы лебіздерін айтты;
  • мұғалімдерге арналған алғыс хаттар мен шығармашылық жұмыстар әзірледі.