Бүгін жоғары сынып оқушылары үшін «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және киберқауіптерден қорғану жолдарын түсіндіру болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар:
🔹 интернеттегі жеке деректерді қорғау тәсілдерімен;
🔹 кибербуллинг, фишинг, онлайн алаяқтық түрлері және олардан сақтану жолдарымен;
🔹 қауіпсіз пароль құру ережелерімен;
🔹 әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету мәдениетімен танысты.
