Search
Close this search box.

Суицидтің алдын-алу бойынша іс-шара

Кездесу барысында суицидтің алдын алудың маңыздылығы, жасөспірімдер арасында кездесетін тәуекел факторлары, қиын жағдайларда көмек сұраудың жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді. Мектеп психологы оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, эмоцияны дұрыс басқару, күйзеліспен күресу және бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойды. Пайдалы кеңестер мен өмірлік мысалдар келтіріліп, сенім телефондары мен көмек көрсету қызметтері туралы мәліметтер ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың психологиялық мәдениетін арттырып, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Алдағы уақытта да мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.