Search
Close this search box.

Еңбек түбі-береке сынып сағаты

5–11 сынып оқушылары үшін «Еңбек түбі – береке» атты мазмұнды сынып сағаттары өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға еңбектің адам өміріндегі рөлі, табыстың ең басты көзі – маңдай тер мен адал еңбек екені түсіндірілді. Сонымен қатар, түрлі мамандықтар туралы мәлімет беріліп, еңбекқорлықтың тұлға қалыптастырудағы маңыздылығы талқыланды. 

Көрнекі видеороликтер мен мысалдар арқылы еңбек адамдарының жетістіктері таныстырылып, оқушылардың қызығушылығы артты.

Сынып сағатының негізгі мақсаты – жас ұрпаққа еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дарыту, болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға бағыт беру.